СҚО-да полиция өзге өңірден келген азаматтардан 1,5 келіден астам "синтетика" тәркіледі

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 16:55 Сурет: ҚР ІІМ
СҚО-да полицейлер Түркістан облысынан келген ағайынды азаматтарды ұстау кезінде 1,5 келіден астам "синтетика" тәркіледі.

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, полицияның арнайы жасағының және 6637 әскери бөлімінің жауынгерлерімен бірлесіп, Түркістан облысының екі тумасын ұстады.

Олар есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде буып-түюші болып жұмыс істеді деген күдікке ілінді. Жас жігіттер – 20 және 22 жастағы ағалы-інілілер.

Жеке тінту кезінде олардан ішінде ұнтақ тәрізді зат бар 55 түйіншек тәркіленді.

Күдіктілер пайдаланған жалдамалы пәтерден тәртіп сақшылары ұқсас заттар мен есірткіні өлшеуге, буып-түюге арналған құрылғыларды тапты. Сонымен қатар ағайындылардың бірі көрсеткен орындардан полицейлер осындай түйіншектер салынған пакет пен жолқапшық тәркіледі.

"Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіге жуық грамды құраған α-PvP және мефедрон есірткі екенін көрсетті. Бұл СҚО-да тәркіленген ең ірі партиялардың бірі. Есірткіні аса ірі мөлшерде сатпақшы болған күдіктілер қамауға алынды. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: