Жамбыл облысында үш жасөспірім жігіт оқушы қызды бірігіп зорлаған

Әлеуметтік желілерде 2024 жылғы 12 желтоқсанда Жамбыл облысында үш жасөспірім жігіт оқушы қызды жабылып зорлады деген ақпарат пайда болды. Аймақ полициясы бұл фактіні растап, күдіктілердің жеке басын анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысында болған өрескел оқиға туралы жергілікті Instagram парақшалардың бірі мәлімдеді.
Облыстық полиция депаратменті ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша "бір топ адамның жас балаға қатысты жасаған зорлауы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіліп жатқанын айтты.
"Тергеу барысында кәмелетке толмаған үш күдікті анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын, үшіншісіне қатысты – жеке кепілгерлік сайлады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аяқталды, ол тараптардың танысу сатысында тұр", — деді ведомство.
Осыдан кейін ҚР ҚІЖК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс прокуратураға, содан кейін сотқа зерделеу үшін берілетін болады.
Бұған дейін Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript