Петропавлда 82 жастағы кейуана өз пәтерінде қамалып қалған
Сурет: pixabay
Петропавл қаласында құтқарушылар пәтерінде қамалып қалған зейнеткерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметінше, арнайы альпинистік жабдық пен баспалдақтың көмегімен қызметкерлер ішке кіріп, есікті ашты.
"Еденде 1942 жылы туған әйел адам жатты. Құтқарушылар оны көтеріп, төсекке жатқызды. Медициналық көмектің қажеті болмады",- делінген ақпаратта.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жақындарыңыз бен көршілеріңізге бей-жай қарамаңыздар, деп ескертті ведомство.
Бұған дейін Петропавлда жаңа жылдық безендіруге қосымша қаражат бөлінетіндігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript