Петропавлда орнынан тұра алмай, өз пәтерінде қамалып қалған қария құтқарылды

Құтқару, Петропавл, егде жастағы әйел, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 22:58 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылы 7 қазанда Петропавл қаласындағы Горького көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде қиын жағдайға тап болған егде жастағы әйелге көмекке көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен, пәтерінің есігі ішінен тарс бекітулі егде жастағы әйелдің дауысын қабырғалас көршілері естіп, бірден құтқарушыларға хабарласқан.

"ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, төртінші қабаттың балконынан үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірді. Пәтер ішінде орнынан тұра алмайтын 1942 жылы туылған әйел табылды. Қарияны құтқарушылар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін СҚО-да қалың қамыс арасында қалып кеткен шопан дронның көмегімен табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: