Елорданың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды

13 желтоқсанда елорданың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды. Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Астана-АЭК" АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады.
Компания баспасөз қызметі "Шұбар" қосалқы станциясында 10 киловаттық ұяшық автоматты түрде ажыратылғанын хабарлайды.
Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінде орналасқан кейбір тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды.
"Бұған себеп - желідегі кабельдің ұрлануы. Төрт жедел-көшпелі бригада оқиға орнына аттанды. Қайта жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - дейді компаниядағылар.
Жарықсыз қалған нысандар:
- "Арайлым" ТК;
- "Премиум" ТК;
- "Новый мир" ТК;
- "Нұрсая" ТК;
- "Парковый" ТК;
- Қонаева көшесі, 7, 31 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript