Қарағандыда тауар үшін сувенирлік купюрамен төлеген алаяқ ұсталды

Оптовка, барахолка, рынок, базар, торговля, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2024 11:40 Фото: Zakon.kz
Қарағандыда тауар үшін сувенирлік купюрамен төлеген ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz..

Ведомство ақпаратына сүйенсек, полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 63 жастағы ер адамды ұстады. Аталған ер адам базарлардың бірінде сары май сатып алу сылтауымен номиналы 20 мың теңгені құрайтын сувенирлік купюрамен сауда жасаған.


"Күдікті өз кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде",- делінген мәліметте.

Полицейлер күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтауды.

Бұған дейін Қазақстанда кибералаяқтықтың жаңа түрі таралуда екендігі хабарланған болатын. 


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: