"Алматыда атыс болды" деген ақпаратқа полиция пікір білдірді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желілерде Алматыда BarLand маңында 22 желтоқсан сағат 04:34 шамасында атыс болды деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, сондай-ақ, күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын айтты.
Полиция атыс туралы ақпаратты растамады, бірақ оқиғаның мән-жайы нақтылануда деп мәлімдеді.
Бұған дейін Атырауда қасқырдың ер адамға тұтқиылдан тап бергені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript