СҚО-да астан уланып қайтыс болған екі баланың анасы әділдік іздеп жүр

Ребенок в больнице, дети в больнице, пострадавший ребенок, пострадавшие дети, ребенок, дети, детская больница , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 15:09 Фото: freepik
Солтүстік Қазақстан облысында астан уланып бір күнде екі баласы қайтыс болған әйел бас прокуратураға шағымданды.

Қайғылы оқиға маусым айында Қызылжар ауданындағы Нажедка ауылында тіркелген еді. Отбасы кешкі асқа дүкеннен тұшпара мен шұжық алып жеп, 3 және 6 жастағы балалар қайтыс болды.

Анасы мен үйдің тұңғышы ауруханада емделіп шықты. Сараптама балалардың тағам құрамындағы нитраттан уланғанын көрсетті, деп жазады qazaqstan.tv.

Екі кісінің өліміне қатысты іс қозғалып, алайда қылмыстық құрамы жоқ деген себеппен қазан айында жабылған. Одан кейін міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін медбикеге қатысты іс қозғалып, тергеу әлі жүріп жатыр.

"Балалардың тамақтан уланғаны дәлелденді. Жарты жылдан артық уақыт өтсе де, ешкім жазаланған жоқ. Мен екі баламнан айырылдым. Ал айыптылар бостандықта жүр. Әділдік орнайды деген үмітпен Бас прокуратураға арыз жаздым." Галина Коваленко, Надежда ауылының тұрғыны
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: