Алматылық жас әйел ғылыми дәрежелерді саудаға салған
Фото: Министерство здравоохранения РК
Алматыда бірнеше алаяқтық жасаған жас келіншек ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаланың ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бостандық ауданының полицейлері, алаяқтық әрекетін жасап, сенгіш азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен 23 жастағы әйелді ұстады.
«Бірқатар университеттердің докторантура мен магистратурасына түсіруде өзін «маман» ретінде ұсынған күдікті, әлеуметтік желіде тиімдірек шарттармен ғылыми дәреже алуға көмектесетіні туралы хабарландыру жариялаған. Бір «клиенттен» 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін сыйақы алғандығы белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде оның қатысуымен 7 алдау дерегі тіркелді. Күдікті қамауға алынды», - деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Полицейлер күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккендерді Бостандық аудандық ПБ-на немесе мына ұялы телефондар арқылы хабарласуға шақырады: 8-747-909-65-45; 8-775-766-77-00 және 8-701-233-47-90.
Бұған дейін Астанада пәтер ұрлығы әшкере болғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript