Астанада пәтер ұрлығы әшкере болды

Центр оперативного управления департамента полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 14:54 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласының Нұра аудандық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы әйелді анықтады.

Тергеу нәтижесінде күдіктінің жәбірленуші үйінде көмекші болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол алты ай бойы аптасына екі рет жұмысқа келіп, үй иесінің сеніміне кіре отырып, тұрғын үйге еркін қол жеткізген.

Осы уақыт ішінде бірнеше рет бағалы зергерлік бұйымдарды ұрлап, оларды ломбардтарға өткізіп отырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгені құраған.

Ұрланған заттардың арасында әйгілі Tiffany брендіне тиесілі сырғалар мен Casato брендінің гауһар тасты сақинасы болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.

Құнды заттарды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ жалданатын қызметкерлердің өмірбаяны мен ұсынымдарын мұқият тексеруге кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: