Астанада полиция 5 алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 15:38 Фото: polisia.kz
Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы әйелді анықтады.

Тергеу барысында күдіктінің азаматтардың сеніміне кіріп, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекті алға жылжытып беруге ықпал ете алатынын айтып, заңсыз қызмет ұсынғаны белгілі болды.

Осылайша ол жәбірленушілерден қаражат алып, уәдесін орындамай, байланысын үзген.

Қазіргі уақытта оның кемінде бес алаяқтық эпизодына қатысы бары анықталды.

Жәбірленушілердің бірінен күдікті 1 миллион теңге алып, жеке басының қажетіне жаратқан.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: