Астанада полиция 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар әйелді ұстады

Тенге, деньги, коррупция, взятка, взятки, деньги в конверте, конверт с деньгами, коррумпированность, коррупционер, коррупционные схемы, взяточничество , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 22:26 Фото: Zakon.kz
Астана тұрғыны полицияға бейтаныс әйелдің үстінен арыз түсірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz. polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ол жылжымайтын мүлік алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушінің ақшалай қаражатын алдап алған.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел өзінің қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында ерекше "табыс табу жоспарын" ойлап тапқан. Жәбірленушінің сеніміне кіріп, өзін риелтор ретінде таныстырып, тиімді шарттармен пәтер сатып алуға көмектесемін деп уәде берген.

Өз үйі жоқ, жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жәбірленуші оның ұсынысына сеніп, ақшасын берген. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 40 миллион теңге.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктінің осындай 9 алаяқтық эпизодқа қатысы бар. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарға сақ болуды және алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертті. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: