"Ақтауда отшашу атқандар біреудің үйін өртеді". ТЖМ түсініктеме берді
Фото: zakon.kz
Маңғыстау облысының ТЖД әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты түсініктеме берді. Видеода отшашу атамын дегендер үйді өртегені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары аулада отшашу атқаны, соның салдарынан пәтер өртенді-мыс деген мағынада видео тарауда. Видеода мұны балалар жанұшыра айқайлап айтады.
Өрт сөндірушілер аталған видеоны зерттеп, оқиға орнында болып қайтты. Сөз етілген жайт Ақтаудың жетінші ықшам ауданында болған.
"Аталған факт туралы 101-112 нөмірлеріне қоңырау келіп түскен жоқ. Видеоны зерттей келе, оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Бұл жағдай екі сағат бұрын болғаны, тұтанған от алапат өртке ұласпағаны анықталды. ТЖД күштері мен құралдары тұрақты орналасу орнына қайта оралды". Маңғыстау облысы ТЖД
Айта кетсек, Жаңа жыл түні Қарағандыда көше орталығында қарда жүретін көлікпен жүйткіген мас ер адамға айыппұл салынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript