Онлайн курс сатып алған астаналық 2 млн теңгеге алданып қалды

Тенге, деньги, Казахстан, национальная валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 12:47 Фото: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғыны интернеттегі онлайн курсқа жазылып, алаяқтың құрбанына айналды.

Жас жігіт өзін кәсіби маман ретінде танытып, 25 жастағы жәбірленушіге шаш үлгілерін жасау бойынша онлайн курс ұсынған.

Сонымен қатар ол шет елдермен киім саудасын жүргізуге көмектесетін мүмкіндіктер ашатынын айтып, сенім ұялатқан.

Алаяқ өз курсына қызығушылықты арттыру үшін 4 дана "Dyson" шашқа арналған аппаратын сыйлыққа беремін деп уәде еткен.

Сеніміне кірген жәбірленуші алаяқтың есепшотына шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат аударған. Курстың екі күннен кейін басталатынын естіген жәбірленуші оны бір апта бойы күтіп, ақыры алданғанын түсінеді. Ол бірден полицияға жүгінеді.

Алаяқтық әрекеттің ізін суытпай ашқан Алматы ауданының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтықтың жалғыз оқиға емес екені белгілі болды.

Күдіктінің осындай тәсілмен тағы он адамды алдап, олардың қаржысын иемденгені анықталды. Қазіргі таңда алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: