Астаналық тұрғын дубай шоколадын сатамын деп үш жылға бас бостандығынан шектетілді

Астаналық тұрғын дубай шоколадын сатамын деп үш жылға бас бостандығынан шектетілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 14:35 Сурет: wikimedia
Астаналық азамат бір кездері танымалдылыққа ие болған, дубай шоколадының дәмін татқысы келгендерді сан соқтырып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ақпаратынша, алаяқ 10 жәбірленушінің жалпы сомасы 301 020 теңгеге ақша қаражатын жымқырған.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.Қорғаушы тарап бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады",- делінген ақпаратта.

Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін "Еңбек" РМК басшыларының ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: