Самара–Шымкент тас жолында жол апатынан полицейлер зардап шекті

Самара–Шымкент тас жолында жол апатынан полицейлер зардап шекті , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 15:19 Сурет: Instagram/100baksoff_almaty
Қызылорда облысында автожолда қатарынан екі ЖКО орын алды, олардың бірінде полиция қызметкерлері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 7 қаңтарда Талдарал елді мекенінің маңындағы Самара-Шымкент тас жолында патрульдік полицияның екі қызметкері өздеріне бекітілген қызметтік автокөлікте екі көліктің қатысуымен болған жол апатын рәсімдеген.

"Олар көлікте болған сәтте Man жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан "Газель" эвакуаторының алдыңғы жағына соқтығысқан. Нәтижесінде жүк көлігінің тіркемесі қызметтік көлікті басып қалып, Lexus көлігіне тиді. Нәтижесінде екі полиция қызметкері де, Lexus жүргізушісі мен жолаушысы да жарақат алып, облыстық ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады полиция.

Бұған дейін Жамбыл облысында мыңнан астам көлік қар құрсауында қалып қойғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: