Интернет-алаяқтар Ақтау тұрғындарын 90 миллион теңгеге алдап кеткен

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 09:53 Фото: freepik
Маңғыстау облысының прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтықты іске асыруға жәрдемдескен тұлғаны ұстады. Ол Алматы тұрғыны болып шықты. Бұл туралы өңірдің қадағалау органы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар Алматы тұрғынын ұстады. Күдікті 2024 жылдың қазан айында банк есеп шоттарын алаяқтарға ұсыну арқылы ауыр қылмыстың жасалуына жәрдемдескен.

Осылайша, олар Ақтау қаласының тұрғындарына 90 млн теңгеден астам мүліктік зиян келтірілген.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тергеу судьясының санкциясымен қамауға алдынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда", — деп түсіндірді облыс прокуратурасы.

Бұған дейін Қостанайда синтетикалық есірткі жасырған күдікті ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: