"Туды алып шықты". Түнде ҚБТУ ғимараты өртеніп, әкімдіктегілер де аяғынан тік тұрды

Өрт, Алматы, ҚБТУ, Төле би, Қазақстан туы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2025 09:24 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 12 қаңтарға қараған түні Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғимараты өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 78 өрт сөндірушісі және 28 техника жұмылдырылды", делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеді.

Сондай-ақ өрт сөндіру жұмыстарына ғимараттың құрылыс ерекшелігі кедергі болғаны да нақтыланады.

Өрт шатырдан шыққандықтан өрт сөндірушілер, ең алдымен, биікте ілулі тұрған Қазақстан туын түсірген.

Айта кетсек, Қазақстан-Британ техникалық университеті Алматыда Төле би көшесінің бойында "ескі алаңда" орналасқан тарихи ғимарат. Мұнда 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі ҚБТУ ғимаратындағы өртті сөндіруде ТЖ қызметтеріне қажетті көмек көрсететінін хабарлады.

"Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары оқиға орнында болды. Алмалы ауданының әкімдігі өрт сөндірушілерге ыстық тамақ пен сусын беруді ұйымдастырды",  делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: