ҚБТУ ғимаратындағы өрт: ЖОО ресми мәлімдеме жасады

Өрт, Алматы, ҚБТУ, мәлімдеме, ЖОО, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2025 13:26 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өртке байланысты Қазақстан-Британ техникалық университетінің әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚБТУ бұл ретте өзіндік тексеріс жүргізіп жатқанын нақтылады:

"Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тексеру жүргізілуде. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды".

Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетіні де айтылады. 

2025 жылғы 12 қаңтарға қараған түні Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының төртінші қабатында өрт шықты. Өртке үшінші дәреже берілді. Өртті ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері, нысандағы жасырын от ошақтары қиындатты. Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері өртті 12 қаңтарда түнгі бірден кете сөндіре алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: