"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамына 32 млрд теңге айыппұл салынды

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 10:03 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың 04.12.2024 жылғы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.

Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд. теңге айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: