Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды

Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 13:55 Сурет: pixabay
Өзбекстанда есектің етін сатқандар анықталды. Ташкент облысының тәртіп сақшылары жануарларды жаппай сойып келген жасырын цехты тапқан.

Өзен суына тасталған есектің сүйегі мен өзге де қалдықтары түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді. Куәгерлер 13 өлексені санап шықты. Осыдан соң жедел әрекетке көшкен полицейлер есек союға арналған қасапхананы тапты.

Белгісіз біреулер қараусыз қалған фермада осындай жымысқы әрекетті жүзеге асырып келген. Сондай-ақ жасырын цехтан 25 бас тірі есек табылды. Бұл іс бойынша үш адам күдікке ілініп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ташкент облыстық ішкі істер басқармасы тергеу- тексеру жұмыстарын бастады. Ал қоғамдық тамақтану орындарында есек етінің бар-жоғын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: