Шымкентте бірнеше құрылыс компаниясына қомақты айыппұл салынды
Фото: akorda.kz
Шымкент қаласында құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы қалалық прокуратура 2025 жылдың 13 қаңтарында хабарлады.
Қалалық прокуратура тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тарту мақсатында заңсыз жарнама жасаған 4 компанияларды анықтады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн теңге айыппұл салынды.
Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі.
Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript