Шымкентте жосықсыз құрылыс салушыларға айыппұл салынды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 12:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шымкентте 9 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте тоғыз бірдей компанияның тиісті заң талаптарын өрескел бұзғандығы анықталды. "Хабар" телеарнасының ақпаратынша, олар мемлекеттік органдардың кепілдігінсіз көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын бастаған. Нұсқаулық бойынша тұрғын үй операторы немесе әкімдіктің арнайы рұқсатын алулары керек еді. Енді бұл компанияларға жалпы сомасы 14 миллион 155 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ал осы компанияларға пәтер алу үшін ақшасын салып, бұған дейін "салымшы" атанғандар екіжақты келісімшарттарды тексергендері дұрыс.

"Бұл кісілер ҚР заңнамасына өз жұмыстарын сәйкестендіруі керек. Біздің тұрғындарымыз осы компанияларға, мына аты аталған тұрғын үйлерге үлескер ретінде кірердің алдында мықтап ойлануы керек. Ертеңгі күні сан соғып, қапы қалып қоймайтындай жағдайды ойластыру керек". Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары

Бұған дейін Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: