Алматыда шетелдік есірткі сатушы ұсталды
Фото: pexels
26 жастағы Станислав Конаков, есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы ІІМ-мен мемлекетаралық іздеуге жарияланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда, күдікті қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді.
Сурет: ҚР ІІМ
Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript