Астанада экстази мен мефедрон сатушы ұсталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 13:08 Фото: Zakon.kz
Полицияға 26 жастағы азаматтың есірткі таратумен айналысуы мүмкін екені туралы хабарлама келіп түсті.

"Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Нажмиденов көшесіндегі көпқабатты үйдің жанында күдіктіні ұстады.

Пәтеріне тінту жүргізу барысында жасыл түсті таблетка тәрізді заттар салынған 314-тен астам орама мен ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған пакетті тапты.

Сараптама нәтижесі тәркіленген заттардың құрамында "экстази" атауымен танымал MDMA және меткатинон — мефедрон бар екенін көрсетті.

Белгілі болғандай күдікті өз қызметін интернет-дүкендердің бірі арқылы жүзеге асырған. Ол үйлестірушінің нұсқауы бойынша тауарды алып, таратумен айналысқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіні медициналық куәландыру барысында есірткі қолданғаны анықталып, ол сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 10 тәулікке арнайы қабылдағышқа қамалды.

Бұл мерзім аяқталғаннан кейін ол тергеу аяқталғанша уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады. Полиция азаматтарды синтетикалық және өзге де есірткі мен психотроптық заттарды жасырып қою арқылы тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: