Алматы облысында жас қыз өз-өзіне қол салды

Полиция, Алматы облысы, жас қыз, суицид, өзіне өзі қол салу, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2025 10:50 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің "102" пультіне "Қарғалы ауылында жас қыз өмірмен есеп айырысуға ниетті" екендігі туралы шұғыл хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше,  16 қаңтарда жапа шегушінің құрбысы осылай деп дабыл қаққан.

"Аталған мекен-жай бойынша шақыртуға патрульдік полиция жасағы кезекшілігіндегі Ернар Құттыбаев пен Нұрбол Картанбаев аттанды. Оқиға орнына келген полицейлер үйдің есігі құлыптаулы екенін анықтады. Көп ойланбай, олар терезені сындырып, ішке кіруге шешім қабылдады. Бөлмелердің бірінде тәртіп сақшылар тамырларын кескен жас қызды тапты. Полицейлер жәбірленушіні дереу түрде ауыр жағдайда ауылдық ауруханаға жеткізді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бақытқа орай, дәрігерлер жағдайды тұрақтандыра алғаны, қазір зардап шегушінің жалпы бөлімге ауыстырылғаны нақтыланады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: