Атырауда жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Биіктен секіру, Атырау, жас жігіт, суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2025 15:00 Сурет: pixabay
Атырауда 1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғынынан Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті.

"Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды. Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін тергеу изоляторында отырған "Дикий Арман" өзін-өзі жарақаттағаны хабарланған. ҚР ІІМ ҚАЖК  оның өзіне аздаған дене жарақаттарын келтіргенін, оған бірден медициналық көмек көрсетілгенін нақтылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: