Астана мен Алматыда жаңа жылдық шыршалар мал азығына жіберілді

Астана мен Алматыда жаңа жылдық шыршалар мал азығына жіберілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 11:30 Сурет: Zakon.kz
Еліміздің екі қаласындағы жаңа жылдық шыршалар малға қорек ретінде жіберілді. Қылқанжапырақты ағаш бірқатар жануарлардың, әсіресе ешкілердің сүйіп жейтін асы болып шықты.

Мәселен, Астанада оларды ешкі мен қошқарға арналған лагерьлердің бірінде қабылдайды. Ал, Алматыда хайуанаттар бағына өткізіледі. Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасының тілшісі айтты.


"Шыршаларды жолбарыстарға, кейде тіпті маймылдарға да береміз. Олар шыршаны ойыншық ретінде қабылдайды. Хайуанаттар бағындағы жануарлардың ең үлкен проблемасы – зерігу. Себебі дайын қорек бар және аумақты қорғаудың да қажеті жоқ. Бұл жердегі өмірді әртараптандыру үшін, түрлі шараларды ойлап табамыз. Бұл жолы бұған жаңа жылдық шыршалар көмектесті",- деді Алматы хайуанаттар бағының даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақжами Рахимова.

Бұған дейін картоп бағасын реттеу үшін шекарада бақылау күшейгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: