Абай облысында қатты боран соғып, жолаушылар автобусы аударылды

Жолаушылар автобусы, Абай облысы, Аягөз, Ақжар-Алматы, аударылу, боран, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 19:25 Сурет: ҚР ТЖМ
22 қаңтарда Аягөз ауданы Қарағаш ауылдық округі маңында Қарағанды - Аягөз - Боғас тас жолының 736 шақырымында Ақжар – Алматы бағытында қатынайтын автобус қатты желдің салдарынан аударылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, экстремалды ауа райы жағдайында Абай облысының Аягөз ауданында полицейлер мен әскерилер автобус жолаушыларын эвакуациялады.

"Автобуста болған 13 жолаушы мен екі жүргізуші Аягөз қаласындағы Политехникалық колледж жатақханасында ұйымдастырылған жылыту пунктіне эвакуацияланды", делінген хабарламада.

Бұған дейін 21 қаңтарда Астана – Бурабай тас жолында қолайсыз ауа райына байланысты 500-ден астам көлік жиналып қалғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: