Елордалық спорт кешенінде темір қақпа жас жігіттің үстіне құлап, мерт қылды

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 09:21 Фото: Zakon.kz
Желіде 13 ақпанда футбол ойыны кезінде темір қақпаның жас жігіттің үстіне құлап, мерт қылған сәті бейнеленген кадрлар таратуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автордың айтуынша, жазатайым оқиға елордадағы "Достық Арена" спорт кешенінде болған. Қайғылы жайтқа қатысты қаланың полиция департаменті түсініктеме берді.

"Футбол алаңында ер адамның қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жазатайым оқиға – ойын кезінде ол қақпада болып, оның жоғары бөлігіне қолын созып айналмақ болған, нәтижесінде құрылым аударылып, оны басып қалды", – деді полиция.

Бұған дейін Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: