Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап, жансақтау бөліміне түсті

Қостанай, футбол қақпасы, футбол, жасөспірім, жазатайым оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 13:56 Сурет: Zakon.kz
13 сәуір күні Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балалар ауруханасының меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр жарақат алған, он екі елі ішегі жыртылған.

"Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көпеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз", – деді Игорь Белобржицкий Alau.kz басылымына.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: