Ескерту: Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі 23 ақпанға дейін сақталады

Қар көшкіні, Алматы облысы, таулар, ескерту, 23 ақпан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 20:25 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының төтеншеліктері туристер мен тұрғындардан тауға, онда да қарлы беткейлерге шығудан бас тарта тұруды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі 23 ақпанға дейін сақталатынын ескертеді.

"Туристер мен тұрғындардан қарлы беткейлерге шығудан бас тарту сұралады. Таулы жерде болған кезде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Департамент Алматы облысының тауларында қауіпті 55 учаске бар екенін еске салады, күннің жылынуы және қатты жауын-шашын кезінде беткейлерден үлкен қар массалары сырғуы мүмкін", делінген хабарламада.

Бұған дейін ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірінде кейбір жол учаскелерінде шектеу енгізілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: