Төтеншеліктер Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі жоғары екенін ескертті
Сурет: freepik
Алматы облысында тауларда 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған орай, құтқарушылар азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті және "Қазселденқорғау" ММ Іле-Алатау филиалы қар көшкінінің жүру қаупі туралы ескерту жасады.
"Тауларда қар деңгейінің едәуір артуына байланысты (25 см-ден артық) Алматы обылысының аумағында қар көшкіні қаупі жоғары. Осыны ескере отырып, азаматтардан тауға барудан бас тартуды, таулардың қарлы беткейлеріне шықпауды ұсынамыз", делінген "Қазселденқорғау" ММ Іле-Алатау филиалының хабарламасында.
Айта кетейік, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript