Қызылорда облысында браконьерден 14 қап киік еті тәркіленді

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 10:02 Фото: Zakon.kz
Қызылордада полицейлер "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында құқық бұзудың 163 дерегін анықтады.

Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлер 20 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 163 дерегін анықтады. Оның ішінде 6 қылмыстық іс және 157 әкімшілік құқық бұзушылық бар.

Сондай-ақ жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) 136 дерегі анықталды.

Заңсыз балық аулаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) -12 , тіркелмеген қаруды сақтаудың (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) – 5 дерегі анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Мысалы Қазалы ауданында Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының рота қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Volkswagen автокөлігін тоқтатты.

Көлікті тексеру барысында автокөліктен 14 қапқа салынған киік аңының еті анықталды, айғақ зат ретінде тәркіленді. Тергеу әрекеттері басталды. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктіге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: