Алты жыл бұрын екі адамды өлтірген қазақстандық басқа елде қолға түсті

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 13:25 Фото: pexels
Қырғызстанда бірнеше жыл бұрын қос кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 26 ақпанда ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

"Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 2018 жылы Балқаш қаласында қос кісі өлтіру қылмысын жасап, соттан жасырынып жүрген еліміздің 33 жастағы азаматы Бішкек қаласында ұсталды", – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.

19 ақпанда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында бопсалау және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықты Ресейден экстрадициялау туралы хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: