Ауқымды қылмыстық іс бойынша ХҚК орталықтары мен емдеу мекемелерінің қызметкерлері айыпталушы болды

Автоцон, специализированный центр обслуживания населения для автомобилистов Алматы, регистрация автотранспорта, госномер авто, номер машины, сотрудники автоцона, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 16:42 Фото: Zakon.kz
Қарағанды ​​облысының прокуратурасы шетелдіктерге 700-ден астам уақытша тұруға ықтиярхаттың заңсыз берілуін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалау органының 2025 жылғы 26 ақпандағы ақпаратына сәйкес, қылмыстық топтың әрекетін прокурорлар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп жолын кесті.

Қылмыстық схемаға ХҚКО, медициналық мекемелердің қызметкерлерінің және "көмекшілер" деп аталатындардың кіргені анықталды.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың аталған фактісі облыс прокуратурасының АЕК-іне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҰҚКД ТБ-ға жіберілді, қазіргі уақытта үш айыпталушы сотқа берілді.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде істің мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі екі елде тұрып, алимент төлемеймін деп жеке басын өзгерткен 48 жастағы ер адам туралы хабарлаған болатын.

24 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінген бір топ тұлғалардың әрекетінің жолын кесу туралы хабарлады – Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам рұқсат берілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: