Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2024 09:04 Сурет: Қарағанды облысының прокуратурасы
Қарағанды облысының прокуратурасы 30 килограмнан астам есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 8 қазанында Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады.

Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды.

Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: