Астанада жылу құбыры жарылды

Жылу, жылу құбыры, Астана, жарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 19:53 Сурет: pexels
2025 жылы 26 ақпанда Астанада Достық көшесі бойынша жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі түсіндіріп өткендей, "Каз форд строй" ЖШС жеке мердігерлік ұйымы Достық көшесі, 8б мекенжайында жер қотару жұмыстарын жүргізу барысында д-219 жылу трассасына зақым келтірді.

"Жеке мердігерлік ұйым бұл жұмысты уәкілетті органдардың және "Астана-Теплотранзит" АҚ келісімінсіз өз бетінше жүргізген. Оқиға орнына "Астана-Теплотранзит" АҚ апаттық бригадасы дереу жетті. Бригада апатты жою жұмысын жүргізіп жатыр", деп сендіреді әкімдіктен.

Синоптиктер алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 27 ақпанға арналған Қазақстандағы ауа райына қатысты болжаммен бөлісті. Оған сәйкес, еліміздің басым бөлігінде, соның ішінде Астанада да қар жауып, күн күрт суытатыны болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: