"Аяз қайта күшіне мінеді". 27 ақпанда Қазақстан өңірлері қарға оранады

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 27 ақпан, қар, аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2025 17:32 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 27 ақпанға арналған Қазақстандағы ауа райына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі.

"Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ болады, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта боран соғады, жел екпіні күшейеді деп болжанады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады деп күтіледі.

"Түнде Алматының шығысында, күндіз солтүстік-шығыста, Жетісу облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылдың 27 ақпанынан 1 наурызына дейінгі аралықта қолайсыз ауа райы күтілетіні хабарланған болатын. Синоптиктердің айтуынша, бүкіл өңірде қарды жауып, сынап бағаны -28°C дейін төмендеп, аяз күшіне мінеді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: