ҰҚК қазақстандықты 13 келі мефедронмен ұстағанын хабарлады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 11:28 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2025 жылдың ақпан айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратурамен келісе отырып, есірткі жеткізу арнасының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 28 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

2025 жылдың ақпанында ҰҚК Жамбыл облысы және Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Сот санкциясымен Қазақстан азаматы ұсталып, қамауға алынды. Одан 13 кг психотроптық "мефедрон" зат тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: