Екі қазақстандық Түркістан облысындағы қатаң режимдегі колонияға жіберілді

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 10:28 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымның қызметіне қатысу арқылы басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматтар сотталды. Бұл туралы 2025 жылдың 3 наурызында облыстық прокуратура айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде "Ислам үшін" атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған "Мұсылман бауырлар" және "Өзбекстан-исламдық қозғалысы" халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан.

Сол сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында "WhatsApp" және "Facebook" әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет "Хизб-ут-Тахрир" діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан.

Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.

Үкімдер заңды күшіне енген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: