Ертеңге дейін еліміздің бес өңірінде жол учаскелері жабылды

Жол жабылды, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Ұлытау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 18:52 Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылы 6 наурызда кешкісін ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында көлік қозғалысында қиындықтар туындағанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мына аталған жол учаскелері  барлық көлік түрлері үшін 7 наурыз сағат 7-00-ге дейін жабық:

Қарағанды облысы:

  • "Астана - Қарағанды - Алматы" тас жолының 1426-1457 шақырым аралығы (Теміртау төлем алу пункті – Қарағанды қаласы);
  • "Теміртау - Ақтау - Бастау" тас жолының 0-53 шақырым аралығындағы учаскесі (Теміртау қаласы – Бастау ауылы).
  •  "Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Боғас" тас жолының 17-217 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы).
  • "Астана - Қарағанды - Алматы" тас жолының 1505-1610 шақырым аралығы (Атамекен ауылы - Ақсу - Аюлы ауылы).
  •  "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" тас жолының 970-1135 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Ақмола облысы:

  • "Астана - Қарағанды - Алматы" тас жолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем алу пункті – Қарағанды облысының шекарасы).
  • "Астана - Қарағанды - Алматы" тас жолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем алу пункті).
  • "Астана - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау" автожолының 35-51 шақырым аралығы (Қабанбай батыр ауылы – Қарағанды облысының шекарасы).

Ұлытау облысы:

  • "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" тас жолының 433-756 шақырым аралығындағы учаске (Жезқазған қаласы – Жаңаарқа елдімекені).
  • "Ақшатау - Ағадыр - Ортау - Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті автожолы" 180-195 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – KAZ14 автожолына дейін).

Атырау облысы:

  • "Атырау - Орал" тас жолының 5-62 шақырым аралығындағы учаске (Атырау қаласы – Махамбет ауылы).

 Павлодар облысы:

  • "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті" автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаске (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауылы).


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: