ШҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған күдіктіні ұстады

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 12:34 Фото: polisia.kz
ШҚО-да полиция есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған күдіктіні ұстады. 20 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен каннабис тобына жататын есірткі құралдарының ірі жеткізу арнасын ұйымдастырған Өскемен қаласының тұрғынын ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған азаматтың қала аумағында тыйым салынған заттарды сатумен айналысқаны белгілі болды.

Аталған іс-шаралар барысында 20 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді, бұл бес мыңнан астам бір реттік дозаға тең.

Қазіргі уақытта қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер есірткі тарату арналары мен ықтимал сыбайластарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: