Полиция Шымкентте есірткі жеткізу арнасын жойды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2024 14:38 Сурет: ҚР ІІМ
Полиция Шымкентте есірткі жеткізу арнасын жойды. Құны 30 млн теңгеден асатын есірткі құралдары тәркіленді.

Арнайы іс-шаралар барысында ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері қала аумағында психотроптық заттарды таратумен айналысқан 24 жастағы ер адамды ұстады.

Одан жарты келі мефедрон және 25 бір реттік доза салынған орама табылды. Азаматтың жалдамалы пәтерінде 1 келіден астам әртүрлі есірткі құралдары және оларды өлшеп орауға арналған заттар табылды – таразы, бетперде, арнайы көзілдірік және т.б.

Тексеру кезінде оған есірткі құралдарын Алматы тұрғыны қалааралық такси арқылы жолдап тұратыны анықталды. Күдікті әйелді полицейлер көрші қаладағы тұрғылықты жерінен ұстады.

Ол өз үйінде есірткі таблеткаларын дайындауға арналған зертхана ұйымдастырған екен. Азаматшадан 1,5 келі "синтетика" және басқа да есірткі түрлері табылды. Әйел шымкенттік танысына тағы бір "сәлемдеме" жіберіп үлгергені белгілі болды.

Смартфоннан босаған қорапқа ол ЛСД психоактивті затын жасырып, таксиге арқылы салып жіберген. Алайда, тәртіп сақшылары автокөлікті анықтап, есірткіні тәркіледі.

Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторында. Полиция тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: