Талдықорғанда өрт кезінде 64 жастағы ер адам зардап шекті

Өрт, Талдықорған, 21 наурыз, жеке тұрғын үй, газ баллоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2025 10:26 Сурет: Zakon.kz
ТЖМ құтқарушылары Талдықорғанда өртеніп жатқан жеке тұрғын үйден бір адамды, үш газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Талдықорған қаласы маңындағы Өтенай ауылында болған. Жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысы отқа оранған. 

"Құтқарушылар 90 шаршы метр алаңдағы өртті жедел сөндіріп, 1961 жылғы үй иесін құтқарып, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сондай-ақ оқиға орнынан 20 литрлік үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Олардың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында адамның өмірі құтқарылып, өрттің таралуы мен газ баллондарының жарылуының алдын алды", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматы облысында алапат өрт болғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: