Air Astana жолаушылар ұшағы Баку әуежайына қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуе компаниясының ұшағы Бакудегі "Гейдар Әлиев" атындағы халықаралық әуежайға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 2025 жылдың 24 наурызына қараған түні болды. Тбилиси – Алматы бағыты бойынша рейс көкке көтерілді.
"Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағының капитаны Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға қонуды сұрады. Мұның себебі - борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00.25-те сәтті қонды", - деп жазады oxu.az Әзірбайжан порталы.
Жолаушыға оқиға орнында көмек көрсетіліп, кейіннен ол шұғыл ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Air Astana әуе компаниясының шешімі бойынша осылайша рейс өз уақытынан кешіктірілді. Қалған жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Zakon.kz. қосымша ақпарат алу үшін отандық авиа компанияға ресми сауал жолдады.
Бұған дейін 2025 жылы 8 наурызда Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауға шұғыл қонған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript