Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей рейске қатысты құжаттарды алуға рұқсат берді

Сот өтінішхатты негіздейтін материалдарды тексеріп, оны қанағаттандыру қажет деп санады.  2024 жылы 25 желтоқсанда таңертең Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзірбайжан әуе жолдарының (AZAL) Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 29 адам аман қалды.  Ұшақ апаты туралы қорытынды есеп 2025 жылдың желтоқсанына дейін ұсынылатыны бұрын хабарланған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 13:41 Сурет: ҚР ТЖМ
Ресейде сот тергеуге AZAL ұшағының апатқа ұшырауына қатысты болуы мүмкін құжаттарды тәркілеуге рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, олар Ресейдің оңтүстігіндегі екі мекенжайдағы қағаздарды алуды жоспарлап отыр.

2025 жылдың қаңтарында өткен сот отырысында тергеуші осындай талап қойып, оны прокурор да қолдаған.

"Сот материалдары апатқа қатысты қылмыстық істі РФ Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасында жүргізіп жатқанын көрсетеді, сондықтан алдын ала тергеу орнындағы өтінішті Мәскеудің Басманный соты қарады", – деп жазады басылым.

Сот өтінішхатты негіздейтін материалдарды тексеріп, оны қанағаттандыру қажет деп санады.

2024 жылы 25 желтоқсанда таңертең Бакуден Грозныйға бағыт алған Әзірбайжан әуе жолдарының (AZAL) Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 29 адам аман қалды.

Ұшақ апаты туралы қорытынды есеп 2025 жылдың желтоқсанына дейін ұсынылатыны бұрын хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: