Оңтүстік Кореяда орман өрті басылмай тұр

Кореяда орман өрті тоқтамай тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2025 17:57 Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяның шығысында орман өрті ырық бермей тұр. Оған құрғақ ауа райы мен екпінді жел себеп.

Содан өткен аптадан бері Кёнсан-Пукто провинциясында 15 мың гектар орман алқабы өртеніп кеткен.

Тілсіз жау салдарынан 4 адам опат болып, тағы 11-і жараланған, деп жазады 24.kz.

5 жарым мыңдай тұрғын үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілді.

Жыл басынан бері елде 250-ге жуық өрт ошағы тіркелген екен. Соның көбіне адамдардың өздері кінәлі болып шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: