Ақтөбеде жеке университеттің оқудан шығарылған 350 студенті оқуын қайта жалғасырмақ

 Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 09:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбеде оқудан шығарылған Қазақ-Ресей Халықаралық университетінің 350 студенті оқуын жалғастыра алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арна" ақпаратынша, бұл туралы өңірге тексеріспен келген Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан айтты.

Оның айтуынша, оқудан шығару заңсыз болған. Бірыңғай базада оқудан шығарылғаны туралы мәлімет енгізілмеген. Сонымен қатар бұйрық тек орыс тілінде ғана. Бұл – нормативтік-құқықтық құжаттың ережесіне қайшы.

"Құқықтық негізде құжаттардағы қарама-қайшылықтарды көріп отырмыз. Министрлік тарапына арнайы тексеру жүргізіледі. Бақылау комитеті бар. Сондықтан бүгінгі таңда студенттердің статусы сақталады". Ақерке Абылайхан, ҚР ҒЖЖБМ Комитеті төрағасының орынбасары

Бұған дейін Алматыда мейрамханада шыққан ірі өрт сөндірілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: