Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандқа келді

Бүгін, 2025 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Сурет: akorda.kz
Президенттің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммиті мен "Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия" халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына келді.
Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript